Қазақстан жеңіл атлетикадан  Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен Азия чемпионатында 8  медальды қанжығасына байлады.

Әйелдер арасында 200 метр қашықтыққа  жүгіруден Виктория Зябкина 23.10 секундта алтын, Ольга Сафронова 23.47 секундта қола медальға ие болды.

Осыдан бұрын Виктория Зябкина мен Ольга Сафронова 100 метр қашықтыққа жүгіруден алтын мен күміс медаль алып, елді қуанышқа бөлеген болатын.

Сондай-ақ құрылқаралық біріншілікте Иван Иванов (қола), Мария Овчинникова (алтын) және  Ирина Эктова (күміс) ерекше көзге түсті.

Азия чемпионатында жалпы командалық есептегі медаль саны бойынша келесі мемлекеттер көш бастап тұр:

1. Үндістан – 29 медаль (алтын – 12, күміс – 5, қола – 12).

2. Қытай – 20 медаль (алтын – 8, күміс – 7, қола – 5).

3. Казақстан – 8 медаль (алтын – 4, күміс – 2, қола – 2).

 “The Qazaq Times”