Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіби спорт жолындағы ең үздік қарсыластарын анықтады. Бұл туралы WBC твиттер парақшасында жазылды.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің пікірінше, Геннадий Головкиннің ең үздік қарсыластары: Дэниэл Джейкобс, Келл Брук , Дэвид Лемье , Мартин  Мюррей және Марко Антонио Рубио.

Естеріңізге сала кетейік, әлемге GGG деп танылған боксшының шаршы алаңдағы  келесі қарсыласы  - Сауль Альварес. Олардың арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. Геннадий Головкин бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында бұл кездесуді кәсіби бокс тәжірибесіндегі ең ауыр сынақ , ал мексикандық боксшы ең маңызды жекпе-жек деп баға берген болатын.

«The Qazaq Times»