Әйгілі аргентиналық футболшы Диего Марадонна Ресей азаматтығын алғысы келетіндігін айтты.

Жақында «Ресей футболды сүйеді» шарасы аясында Мәскеуге барған  Диего Марадонна журналистер алдында сөйлеген сөзінде Ресей азаматтығын алуды ойлап жүргендігі жайында айтқан.

Ол Ресейге сапары барысында Конфедерация кубогының Германия мен Чили арасындағы финалдық ойынға қатысқан.

Бұдан бұрын Live.ru порталы Аргентина ұлттық құрамасының экс-бапкері Диего Марадоннаның Ресей құрамасының бас бапкері болғысы келетіндігі жайында хабарлаған болатын.

“The Qazaq Times”