Ямайкалық желаяқ Усэйн Болт өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын айтты.

Усэйн Болт өзінің спорттық мансабын 2017 жылғы жеңіл атлетикадан Ұлыбританияда өтетін әлем чемпионатынан кейін аяқтайтын болды.

«Мен спортта ойлаған дүниелерімнің барлығын жасадым. Осы уақыт аралығанда менің басымнан түрлі дүние өтті. Құлауда болды, қайта тұрып жүгіруде болды. Мен спорттық карьерамнан шын мәнінде ләззат алдым бірақ, не нәрсеніңде соңы болады.» - деді Болт журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Усэйн Болт олимпиаданың 8 дүркін, әлемнің 11 дүркін чемпионы. Ол осы уақытқа дейін 100 метрге жүгіруде  (9,58 секунт), 200 метрге жүгіруде (19,19 секунт) әлем рекордын орнатқан.

“The Qazaq Times”