Фабио Ару тасжолдағы Италия чемпионатында топтық жарыста жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.

«Астана» велошабандозы соңғы белесте шабуылға кірісіп, 18 шақырымнан кейін жеке жарыста жеңіске жетті, деп хабарланды велокоманданың ресми сайтына.

Италия чемпионатының топтық жарысында Фабио Аруды «Астана» командасының тағы бес шабандозы қолдады: Дарио Катальдо, Паоло Тиралонго, Морено Мозер, Оскар Гатто және Риккардо Минали.

Жарыста екінші орынды Диего Улисси, ал үшінші орынды Ринальдо Ночентини иеленді.

“The Qazaq Times”