Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі,  найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Таңертең республиканың солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады. Қостанай облысының таңертең кей жерлеріндетұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 “The Qazaq Times”