Ауғанстанның оңтүстігінде жойқын жарылыс болды деп хабарлайды Tolo News ақпарат көзі.

Ауғанстанның оңтүстігінде орналасқан Гильменд провинциясында автокөлікке орнатылған жарылғыш заттың іске қосылуы салдарынан 60 адам жарақат алып, 24 адам көз жұмған.

Әзіргі жергілікті билік органдары жарылысқа байланысты ешқандай ресми ақпарат таратпаған. Бірақ, Tolo News журналисттерінің мәліметінше, жарылысты террористер жасаған.

“The Qazaq Times”