Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам (24-0-0,19КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінде бір сатыға көтерілді. Отандасымыз бұл тұжырымның уақытша әлем чемпионы аргентиналық Карлос Брайан Кастаньодан және халықаралық чемпион титулының иегері франциялық Мишель Сородан кейінгі үшінші сатыға жайғасты.

Қанат Ислам 27 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде Норберто Гонсалеспен (23-8,13КО) 12 раунд бойы жұдырықтасып, ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, Қанат бірінші орта салмақта WBA нұсқасы бойынша Inter-Continental және Fedelatin, WBO Inter-Continental және NABO титулының иегері атанып, boxrec порталының әлемдік рейтингінде 22-орыннан көрінді.

“The Qazaq Times”