Дауыс беру қорытындысы бойынша түркиялық "Бешикташ" командасының форварды Женк Тосунның соққан голы 2016-2017 жылғы Чемпиондар лигасының ең үздік голы деп таңдалды. Бұл туралы FIFА-ның ресми сайтында хабарланған болатын.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде португалиялық "Бенфика" (3:3) командасының қақпасына Тосун соққан гол дауыс беру кезінде 41% қолдау тауып, турнирдің ең үздік голы атанды.

Түрік футболшысы дауыс беруде ЧЛ финалында "Реалдың" қақпасына гол салған Марио Манджукич пен "Спортингпен" кездесуде мергендік танытқан Криштиану Роналдудан да озып кеткен.

Бұған дейін де талай рет ЧЛ-дың үздік голдарын анықтап келген FIFA-ның техникалық бақылаушылары үздік гол авторы деп Манджукичті таңдаған. Олардың есебі бойынша Тосунның голы алғашқы ондыққа да кірмеген екен.

“The Qazaq Times”