Ғалымдар Орион тұмандығының ортасындағы ұзындығы 50 ғарыш жылы болатын алып аммиактан тұратын бұлттар шоғырын тапты. Осы уақытқа дейін белгісіз болған бұл құбылыс сәл майысқан қылышқа ұқсайтын  пішінде пайда болған. 

Торонто университетінің маманы Рэйчел Фризен (Rachel Friesen): "Біз әлі күнге дейін газдардан құралған бұлттардың Галактикамыздың жұлдыздарына айналуы мүмкін бе, жоқ па, анықтай алмай келеміз. Бұл тұмандықтағы аммиактың көмегімен бұлттардың тығыз бөліктерінің қозғалысын анықтауға мүмкіндік туды. Егер зерттеу сәтті өтсе, бұлттардың тұрақты екендігін немесе уақыт өте жұлдызға айналатындықтарын анықтауға болар еді" - деп отыр.

“The Qazaq Times”