NASA қызметкерлері Жердің орбитасының маңындағы жасанды серіктерінен келген суреттер топтамасын алған болатын. Суреттердің бірінде ұзындығы 70 метрдей болатын ашық түсті белгісіз ұшу объектісі (НЛО) табылған.

Уфологтардың пікірінше, бұл феномен орбитасы Жерге жақын астероидқа қонған НЛО болуы мүмкін.

Ал NASA ғалымдары бұл пікірді жоққа шығарып отыр. Бұл өзге ғаламшарлықтар емес, қарапайым жарықтың сынуынан пайда болған эффект деп қарастыруда.

Бірақ уфологтар Негізгі зерттеулер институтының нәтижелеріне сүйене отырып, Жер туралы ақпараттарды жинап кететін белгісіз ұшу обьектілері деген тұжырымдарын алға тартуда.

“The Qazaq Times”