"Нұр Әлем" - Астана ЭКСПО-2017 Көрмесінің архитектуралық символына айналған Көрме кешенінің орталық нысаны. Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр болатын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат.

Келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, көрікті жерлері, сонымен қатар елдің жетістіктерімен таныса алатындай, ғимараттың 1 қабатында Қазақстанның павильоны орналасқан.

Сфераның өзінде "Болашақ" мұражайы жайғасқан. "Нұр Әлем" қарапайым мұражайдан көрі қолданылуы әлде қайда кең. Яғни, атаулы Көрме өткеннен кейін өз бетінше инновациялық хаб әрі манызды зерттеу және мәдени орталыққа айналуы тиіс.

Ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика - қуат көздерінің негізгі түрлері көрсетілетін, "Болашақ" мұражайының 2-8 қабаттарында орналасқан экспозициялық кеңістіктерді қабылдау мүмкіндігі сандық, мультимедиялық және интерактивті технологиялар арқасында нығая түседі.

Әлем бойынша алғашқы "толық сфера" түріндегі ғимаратта құрылымдар бірегей орналасқан. Құрылымның жанында күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольтаикалық элементтердің бірігуі ойластырылған.