Киев қаласындағы АҚШ елшілігінің аймағында болған жарылысты полиция басқармасы террористік акті деп отыр.

Жарылыс 8 маусым түнде орын алған. Полицияның мәлімдемесіне сәйкес, белгісіз біреулер елшіліктің аймағына жарылғыш затты лақтырып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаға байланысты «террористік акт» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір жергілікті полиция қызметкерлері террористік актіні ұйымдастырған күдіктілерді іздестіруде.

“The Qazaq Times”