Лондон қаласында террористердің кезекті шабуылы 4 маусым күні болды. Лондон көпірінде автокөлік жаяу жүргіншілер жолындағы адамдарды басып өтіп , пышақпен  қаруланған үш террорист көліктен шығып, айналадағы тұрғындарға шабуылдай бастаған. Полиция оқиға орнына келген бойда террористердің көзін жойған. Ал терактінден 7 адам қаза тауып, 48-і жараланған болатын.

“The Qazaq Times”