Түркінің бір бұтағы Сахалар(Якуттер). Якуттық Тумус Мэхээлэ сөзіне жазылған Якут қызы Күннэйдің - Ыл туойуох сэгэриэм әнін ұсынып отырмыз.

Яакуттер яғни Сахалар Саха (Якутия) республикасының тұрғылықты халқы.

Якут тілі Түркі тілдерінің Солтүстік тармағына жатады. Республикада 400 мыңға жуық сахалар тұрады.  wikipedia-ның мәліметіне сүйенсек: Сахалар –қоныстанған жерлері мен шаруашылық дәстүрлері бойынша сахалар екі негізгі топқа бөлінеді. Солтүстікте тұратындары жартылай көшпелі аңшылық, балықшылықпен, қодас және бұғы өсірушілікпен айналысады. Оңтүстіктің сахалары негізінен мал шаруашылығымен, жылқы және ірі қара өсірумен шұғылданады.
Ғалымдардың көпшілігі сахалар Олхон мен Байқал көлінің маңынан қазіргі тұрып жатқан Лена, Алдан және Вилюй өзендерінің алабына шамамен 13-ші ғасырда көшіп келіп, сол жерлердің эвендер, эвенктер секілді байырғы тұрғындарымен араласқан болса керек деп топшылайды.

Археологиялық деректердің негізінде сахалар оңтүстік Сібірден шыққан, олардың шығу тектері буряттармен ортақ деген көзқарас орныққан. 2003 жылғы наурыз айында Алманияның Макс Планк атындағы Эволюциялық антропология институты сахалардың шығу тегі туралы зерттеу жариялады. Ол зерттеуде 100-ден астам саха ұлтының адамының митохондриялық ДНҚ-лары басқа еуразиялық халықтардікімен салыстырылды. Зерттеу бойынша, сахалар сол аймақта өмір сүретін эвенктерге және оңтүстік Сібірдегі түрік тілдес тувалықтарға генетикалық жағынан өте жақын болып шыққан.

Солтүстік сахалар аңшылық, балықшылық, бұғы өсірушілікпен айналысқан, оңтүстік сахалар жылқы, ірі қара өсірген. Екі топ та киіз үйлерде тұрып, жыл сайын қыстақ пен жайлаудың арасында көшіп жүрген. Саха мәдениетінің басқа Сібір халықтарының мәдениетінен ерекшелігі — сахаларда темір қорыту және саздан ыдыс жасау (көзешілік) өнері күшті дамыған болатын.

1620-шы жылдары олардың жеріне орыстар келе бастады. Олар Саха елін өзіне қаратып, аң терісінің салығын орнатты. 1634 және 1642 жылдары болған саха көтерілістерін басып-жаншыды. Алтын қорларының табылуы мен Транс-сібір теміржолының ашылуынан кейін өлкеге орыстар көптеп келе бастады. 19 ғасырдың 20-сы жылдарына дейін сахалардың басым көпшілігі Орыс-православ дініне өтіп болды. Бірақ қазірге дейін кейбір шамандық әдет-ғұрыптарды да сақтап қалған.

“The Qazaq Times”