Француз Робер Маршан есімді қария велесипедпен бір сағатта 22,5 шақырым жол басып, өз жасындағы категория бойынша рекорд орнатты. Енді ол 105 жасқа дейінгі велоспортшылар арасындағы чемпион.

Бұл атақты, яғни 100-105 жас аралығындағы спортшылар қатарындағы чемпиондықты ол 2012 жылдан бері ешкімге бермей келеді.

«Мен бұл жерге чемпион болу үшін келген жоқпын, керісінше, 105 жастағы адам велесипедпен жүре алатынын дәлелдегелі келдім» депті қарттың өзі.

Ол бұдан да жақсы нәтиже көрсететініне үмітті болған. Влео жүрістен кейін спортшы өзін жақсы сезініпті. Аяғы ауырмаған, тек ревматизмның әсерінен қолдары сәл қақсаған секілді. 2012 жылы Маршан сағатына 26,9 шақырым жол басып, өз қатарластары арасынан ағалап шыққан-ды.

Осыған орай, қарт спортшы өзінің бұрынғы формасында емес екеніне сәл көңілі толмай қалыпты. Алайда, ол осы жасында велесипедпен заулатып жүруінің себебін, дұрыс диетадан дейді.

Көбірек жеміс-жидек және аздаған ет жеуді, сондай-ақ кофені жиі ішуді айтқан. Ол әр күні бір сағат веложаттығу сапабында жаттығу жасап тұрады екен.

Маршан 1911 жылы туылған. Ол кезінде бокспен де айналысыпты.

"The Qazaq Times"