Швейцария, Испания және Италия ғалымдары Айдаһар жұлдыздар шоғырында тіршілік болуы ықтимал ғаламшарды анықтаған. Осыған байланысты зерттеу нәтижелері arXiv.org ғылыми мақалалардың мұрағатында сақтаулы.

Ғаламшарды Канар аралдарындағы  Роке-де-лос-Мучачос обсерваториясында орналасқан HARPS-N спектографтарының көмегімен анықтауға мүмкін болған.

Ғаламшар Глизе 625 қызыл ергежейлінің аймағында орналасқан. Салмағы Жердікінен 2,8 есе үлкен және жұлдыздың маңайында айналу уақыты 14,6 тәулікке тең келеді. Беткі температурасы 350 кельвиннен (Цельсий бойынша 76,85 градусс) аспайды, көміртекті тіршілік иелерінің өмір сүруіне қолайлы.

Болашақта ғалымдар экзоғаламшардың  атмосферасының құрамын,  судың болу ықтималдығын анықтамақ.

“The Qazaq Times”