"Юнона" аталмыш кеңістік зондынан келген ақпараттарға сәйкес, Юпитердің магнит өрісі Жердікіне қарағанда он есе күшті екендігі белгілі болды. Ал полюстерінде Жердің көлеміндей  циклондар болып тұрады.

НАСА агенттігі кеңістік зондынан келген Юпитердің полюстерінің алғашқы суреттерін  де жариялады.

Бұл суреттер өткен жылдың тамыз айында жасалған, бірақ ғалымдар оны жақын арада ғана ала алды.

Юпитердің полюстеріндегі ең басты құпия - ғаламшардағы осы уақытқа дейін белгісіз болып келген  алып циклондар мен борандар болып отыр.

Сонымен қоса, Юпитердің магнит өрісі бірыңғай таралмағандығы анықталды. Магнит өрісі бір жерлерде өте күшті болып, кей жерлерде тым әлсіреп кетеді.

“The Qazaq Times”