"АресолорМитталТеміртау" компаниясынан білікті кадрлар кетіп жатыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Парамжит Калон мәлімдеді. Оның сөзінше, қызметкерлердің көпшілігі жақын шетелдерге кететін көрінеді. Мұндай жағдайда шетелдік қызметкерлерді тартуға тура келеді. 

"Адамдар шетелге кетіп жатыр, өйткені ол жақта жағдай жасалған. Мысалы Қазақстанда зейнетке  63-те шықса, Ресейдегі тау кен өндірісінде жұмыс істейтіндердің зейнет жасы - 54 жас. Олар Ресейде 54 жаста зейнетке шығып, ары қарай да жұмыс істеуге болатынын біледі", - дейді компания басшысы.

Оның сөзінше, тәжірибелі қызметкерлердің шетел асуына байланысты тау-кен металлургия саласында қиындықтар туындап жатыр. Оның үстіне жастарды дайындау керек. Осының салдарынан тіпті мамандықтың да статусы төмендеп кеткен.

"Қоғамда тау-кен өндірісінің жұмысы қиын, қауіпті, табыс аз, лайықты құрметтелмейді деген стереотип қалыптасқан. Яғни бұл жас ұрпақтардың арасында белең алып барады", - деді Калон.

Оның сөзінше, жастар мамандықты игергілері келмейді және болашақта бұл негізгі мамандықтардың жоғалуына алып келеді.

"Қазіргі кезде тау-кен металлургия өнідірсіне қажетті мамандықтың 81%-ы игерілу керек. Бірақ бұл Қазақстан колледждеріндегі оқу бағдарламаларының ешбірінде қарастырылмаған. Сондықтан техникалық мамандандырылған оқу орындарына осы саланы оқытуға арналған бағдарламаларды енгізуге ұсыныс айтамыз", - деді ол.

Сондай-ақ, ол үкіметке осы салада жұмыс істейтіндердің зейнет  жасын қысқарту мәселесін қарауды ұсынған. Оның айтуынша, зиянды өндірісте жұмыс істегендер 25 жыл жұмыс өтілімен зейнетке шығуы қажет. Яғни 20 жастан бастап жұмыс істегендер 45 жаста зейнеткерлікке шығуы тиіс.

"The Qazaq Times"