Еуропалық ғарыш агенттігі  (ESA) Ларсена C мұздығындағы жарықшақтардың көлемі ұлғайғандығын көрсететін интерферограмманы жариялады.  Sentinel-1 радарларының көмегімен анықталған жарықшақтардың көлемі күн сайын өсуде. Жер серіктерінен түсірілген суреттерден жарықшақтардың өзгерісі аса байқала бермейтіндіктен, арнайы радарлар пайдаланылған. Бүгінде жарықшақтардың ұзындығы 175 шақырымға жеткен. Бұл мұздық құрлықтан біржола бөлініп шықса, әлемдегі ең үлкен мұзтау пайда болуы мүмкін. Оның нақты  бөлінетін мезгілін анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ мұздықтың мұхитқа түсіп,  еруінен мұхит деңгейі көтерілуі мүмкін.

"The Qazaq Times"