Интернетті қолданушылардың басым көпшілігі хакер болу үшін – компьютерді жетік меңгеріп қана қоймай, табиғи дарын қажет деп ойлайды. Бірақ қазіргі қоғамдағы аса «сұранысқа ие» кибер қылмыскер болу үшін компьютерді орта деңгейде біліп, тегін оқу ресурстары арқылы біраз уақыт жаттығудың өзі жетіп жатыр.

Бұндай тұжырымды  АҚШ-тың Халықаралық қылмыс агенттігінің  (NCA) жүргізген зерттеу нәтижелері дәлелдеп отыр. Агенттік мамандарының ақпаратына сәйкес, кибер қылмыскерлердің орта жасы 17-18 шамасында, сонымен қатар, олар басқа «дәстүрлі» қылмыс түрлеріне бейім келмейді.

Мамандар келтірген зерттеу нәтижелерінде: « Интернеттегі қылмыскер мансабын бастау үшін, бүгінде аса ерекше қабілеттің қажеті жоқ. Remote Access Trojan секілді құралдардың көмегімен аздаған алдын-ала төлем жасап, заңды бұзуға болады» - делінген.

Сонымен қатар, хакерлер белгілі бір уақыт аралығында өздерінің жетістіктерімен бөлісу үшін, арнайы форумдар мен басқосулар ұйымдастырып тұрады екен.

Жастарды бұл қылмыстық саладан аластату мақсатында көптеген үкіметтік ұйымдар мен компаниялар компьютердің мүмкіндіктерні заңды әрі пайдалы мақсатта пайдалануға шақыруда.

“The Qazaq Times”