Олимпиада өткізу шығындарын есептеу комиссиясы  2020 жылғы Олимпиадаға Жапония 15 млрд доллар жұмсайды деп хабарлайды “The Qazaq Times”  Haberler басылымы аталған шараның ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Олимпиада өткізу шығындарын есептеу комиссиясы Олимпиаданың шығыны 30 млрд доллар болатынын межелегенімен, Жапония үкіметі 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының академиялық ескек есу, каноеда ескек есу, жүзу және волейбол ойындары бойынша жарыс шығындарын азайтып, 15 млрд доллар бөлгенін хабарлады.

Экономикасы әлемнің алдыңғы қатарнан көрініп жүрген Жапонияның өзі осылай үнемшілдік жасағаны, біз секілді даму үстіндегі елдерге үлкен сабақ болса керек.

 “The Qazaq Times”