АҚШ-тағы Массачусетс техналогиялық институтының инженерлері әлемде тұңғыш рет пластиктен 3D-принтердің көмегімен басылып шыққан зымыранның қозғалтқышын сынақтан өткізді.

Сынақ барысында түсірілген бейнеролик MIT Rocket Team арнасына жүктелген.

Зымыран ұшырылғаннан кейін қозғалтқыштың тек сыртқы бөлшектері істен шығып, негізгі құрылысына зақым келмеген.  Бірақ инженер-ғалымдардың айтуынша, бұл жақсы көрсеткіш.

Мамандар  болашақта ғарыштық техналогияларды жасау барысында үлкен қаржы мен уақытты жұмсамау  үшін осы техналогияны жетілдіруді ұсынып отыр.

“The Qazaq Times”